208 rob
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымына генерал-майор Арман Жұмағалиев тағайындалды. Жаңа қолбасшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов таныстырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Арман Мақсотұлы баршаңызға білікті әскери қолбасшы ретінде жақсы таныс. Әскери жолын курсант пен лейтненаттан генерал-майорға дейін, взвод командирінен өңірлік ауқымдағы қолбасшыға дейінжүріп өткен білікті офицер. Арман Мақсотұлы «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтың жауынгерлік-қызметтік тынысына жаңа серпін беретініне сенімдімін Генерал-лейтенант Еркін Ботақанов
Генерал-майор Арман Жұмағалиев бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымында қызмет еткен
Источник: qazaq.asia