181 rob
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Галидулла Азидоллаұлы Азидуллин ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Галидулла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында туған.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы Су қорын қорғау және мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманының м. а. болып бастады.
2003-2008 жылдары — Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы Су қорын қорғау және мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы.
2008 жылы «СК Алатау» АҚ Атырау филиалы директорының орынбасары болды.
2009-2020 жылдары Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
2020-2022 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы, Атырау қаласы.
2022 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы болды.
Источник: qazaq.asia