264 Awrora
Фотосурет: Gov
Елордада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жолшылар арасында волейбол мен шағын футболдан финалдық турнир өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
17 және 18 қарашада ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының кубогы үшін автожол саласының қызметкерлерінің арасында дәстүрлі республикалық волейбол мен шағын футбол турнирінің финалдық ойындары өтті.
Турнирді ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин ашты. Оның айтуынша, жыл сайынғы спорттық турнирге қатысу – бұл өзінің белсенді өмірлік ұстанымы, алға жылжуға және алға қойған мақсаттарға жетуге деген ұмтылыстың көрсеткіші.
«Турнир бізге жиналып, сөзбен емес, шын мәнінде өзімізді бір команданың толыққанды қатысушысы ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Егер дене шынықтырумен және спортпен шұғылданбасаңыз, жақындарыңызға, достарыңызға, мемлекетіңізге ешқашан сенімді тірек пен қолдау бола алмайтыныңызды әрқайсыңыз түсінесіздер деп ойлаймын. Спортта, өмірдегідей, кез келген кедергілерді еңсеру және жеңу үшін барлық күшті, ерік-жігерді және шешімді уақытында қабылдап, біріктіру маңызды» Төлеген Абдуллин
Мини-футболдан алғашқы кездесуде чемпиондық атаққа ие болу үшін 16 команда бақ сынады. Олардың құрамына Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында өткен іріктеу ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздарыкірді. Бұл тартысты ойында үшінші орынғаҚызылорда облысынан келген жолшылар командасы ие болды.
Екінші орынды «КАЖСервис» ЖШС иеленді.
Пенальти сериясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ«Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы»филиалының командасы жеңіске жетті.
Волейболдан да жарысқа 16 команда қатысты, олардың құрамында да осыған дейінгі іріктеу турынан өткен еліміздің барлық өңірлерінен келген жолшылар болды.
Аталған жарыста 3 орын «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясының»филиалына бұйырды.
Алматы облысынан келген жолшылар командасы екінші орын алды.
Волейболдан турнирде чемпиондық атақ Шығыс Қазақстан облысының волейболшыларына бұйырды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл бойы еліміздің автожолшылары арасында Қазақстанның түрлі қалаларында волейбол, шағын футбол, үстел теннисінен жарыстар өтті. ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының кубогы үшін жол саласы қызметкерлерінің арасында мұндай турнирлер дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіледі.
Айта кету керек, егер кәсіби спорттық жарыстар елдерді жақындастырса, онда корпоративтік спорттық іс-шаралар – сала қызметкерлерін біріктіреді. Бүгінгі таңда корпоративтік спорт трендке айналуда. Ол командалық рухты қалыптастырып, қызметкерлер арасындағы байланысты нығайтуға және компаниялар жұмысының тиімділігіне оң әсерін тигізеді.
Источник: qazaq.asia