Франциядан инвестициялар тарту: Қазақстан кәріз жүйесін жаңғыртуда

Франциядан инвестициялар тарту: Қазақстан кәріз жүйесін жаңғыртуда

359 rob

Фотосурет: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

2023 жылғы 28 қарашада «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басшылығы Орталық Азия бойынша Француз даму агенттігі (AFD) өкілдігінің директоры Винсент Копен бастаған AFD өкілдерімен кездесті. Шара барысында елімізде кәріз тазарту құрылыстарын (КТҚ) салу және реконструкциялау үшін инвестициялар мен инвестициялық кредиттерді тарту жөніндегі жұмыс талқыланды. Кездесу Қазақстан Республикасындағы Франция Республикасы Елшілігінің бастамасымен өтті, деп хабарлайды DKNews.kz. 

AFD 1948 жылы құрылған және бүкіл әлем бойынша жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, қалалық инфрақұрылым, оның ішінде сумен жабдықтау және су бұру секторында тұрақты өсуді қолдау жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз етеді, шамамен 10 жыл бұрын AFD Орталық Азия республикаларында белсенді жұмыс істей бастады.

Франция президенті Эммануэль Макронның жақында Қазақстанға жасаған сапары барысында Қазақстан Республикасында AFD офисін ашу туралы келісімге қол қойылды.

Кездесуде тараптар КТҚ жобалары үшін оңтайлы қаржыландыруды тарту мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады.  

«Қазіргі уақытта ТКШ ҚазОрталығы ірі ұлтаралық компаниялардың қатысуымен шамамен 200 млрд. теңге сомасында 8 КТҚ салу және реконструкциялау үшін инвестициялық кредиттер, шамамен 40 млрд. теңге сомасында тікелей инвестициялар тартуды жүзеге асыруда. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады, бұл ретте басты мақсат инвестицияларды қайтару жүктемесінің тарифке әсерін ескере отырып неғұрлым оңтайлы қаржыландыруды тарту болып қала береді», — деді ТКШ ҚазОрталығының Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев.

ТКШ ҚазОрталығы сонымен қатар келіссөздер жүргізуде және штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан халықаралық қаржы ұйымы болып табылатын AIIB-Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің қаржыландыруды ұсыну шарттарын қарастыруда, оның мақсаты Азия-Тынық мұхиты аймағында қаржылық ынтымақтастықты ынталандыру, жолдар, әуежайлар және басқа да инфрақұрылымдар салудан бастап байланыс антенналары және эконом-класс тұрғын үйлеріне дейін Азиядағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру болып табылады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика