Форум қатысушылары Шымкенттік тарихи-мәдени өмірімен танысты

Форум қатысушылары Шымкенттік тарихи-мәдени өмірімен танысты

Бүгін Халықаралық «Creative industry of Shymkent» форум-көрмесі аясында қатысушылар этно мәдени орындарға  экскурсия жасады. Экскурсия барысында «Шым қала» тарихи-мәдени кешеніне, Ж.Тәшенов университетіне, «Amanat Art Hub» креатив орталығына және Бейісбековтер отбасының «Алтын орда» галереясында болды.

Шымкентте тұңғыш рет ашылған  «Amanat Art Hub» креатив орталығының ашылу салтанатына қатысқан форум қатысушылары ондағы өнімдермен танысты. Аталған орталық — кретивті индустрия бағытында жұмыс істейтін жастардың алаңына айналмақ.
«Халықаралық форум-көрме кезінде Шымкенттің креативті индустрия саласындағы 5 басым бағыты айқындалған болатын. Олар: кино және анимация, дизайн және сән, IT, геймдевелопмент, сондай-ақ  халық қолөнері мен музыка. Бұл бағыттар бойынша алда талдау жұмыстары жүргізіліп, саланы дамытып отырған кәсіпкерлерге қолдау шаралары қарастырылмақ», — деді Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Нұрымбетов.Экскурсияға қатысқан спикерлер Шымкенттің тарихи және мәдени өнеріне өз таңданыстарын білдіріп, Шымкенттің креативті қала орталығына айналуына негіз басым екенін атап  өтті.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика