213 rob
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі
Естелік іс-шара Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кірген күніне орай өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараны «Ауғанстандағы соғыстың ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» ҚБ және елорданың Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Гүл қою рәсіміне ардагерлер мен қаза тапқан сарбаздардың туыстары, Астана әкімдігінің басшылығы, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Олар Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алып, құрмет көрсетті.
Қазіргі уақытта елордада 1200-ге жуық интернационалист-жауынгерлер тұрады.
Источник: qazaq.asia