205 Awrora
Фотосурет: Depositphotos
Бүгін облыстағы жайылым жерлер тапшылығын шешу бойынша кезекті жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Жұмыс бірнеше бағытта жүргізілуде: жер беру бойынша меморандумдар жасалып, пайдаланылмайтын жерлер қайтарылып, елді – мекендердің шекаралары өзгертілуде. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қолға алынған кешенді жұмыстың арқасында жайылым жерлердің тапшылығы 2,8 млн гектардан, 481,8 мың гектарға дейін қысқарды.
Инфрақұрылымның жоқтығы – халықтың шалғайдағы жайылымдарда жеке малын жаюға құлықсыздық танытуына басты себептің бірі болып отыр. Сондықтан жайылымдық жерлерді қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізу үшін Бұқар жырау және Осакаров аудандары пилоттық алаңдар ретінде белгіленді. Бұқар жырау ауданында пилоттық жоба Ростов, Белағаш, Қаражар, Самарқанд және Баймырза ауылдық округтерінде, ал Осакаров ауданында Озерный, Сарыөзек және Қарағайлы ауылдық округтерінде іске асады.
Жоба аясында суландыру нысандары, атап айтқанда су ұңғымалары, құдықтар салынып, мал айдау жолдары, суару алаңдары мен үй жануарларына арналған қоралар орнатылады. Бұған қоса, жұмысшылардың маусымдық тұруы үшін үй-жайларды салу қарастырылған.
Кешенді жұмыс жалғасады», – деп жазды Facebook-тегі өз парақшасында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Источник: qazaq.asia