Ерлан Қарин алдағы сайлаудың 10 жаңалығын атап көрсетті

Ерлан Қарин алдағы сайлаудың 10 жаңалығын атап көрсетті

269 Awrora

Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында алдағы депутаттар сайлауының 10 жаңалығын атап көрсетті.

Алдағы сайлаудың басты он ерекшелігі: 
 
1. 2004 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы);
 
2. Үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік туды;
 
3. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды;
 
4. Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді;
 
5. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады;
 
6. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды;
 
7. Алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген баған сайлау бюллетендеріне енгізіледі;
 
8. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді;
 
9. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді;
 
10. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны төртеу).

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика