370 Awrora
Фотосурет: Gov
Ұландық сарбаз әлемдік рейтингте көш бастады
Еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 2023 жылды үздіктер тақтасындағы бірінші орынмен аяқтады. Сонымен қатар 92 келіге дейінгі салмақ бойынша еркін күрестің ең үздік балуаны ретінде әлемдік қорытынды рейтингте көш бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Еске салайық, Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Ризабек Айтмұхан биылғы қарашада еншісіне 62 000-нан астам ұпай жинап, әлемдік рейтингтің бірінші сатысына тұрақтаған. Рейтингтің екінші сатысында грузин Мириан Майсурадзе тұрса, үздік үштікті әзербайжандық Осман Нұрмағомедов түйіндеген.
Ризабек Айтмұханның қыркүйек айында өткен әлем чемпионатында еркін күрестен ел қоржынына салған алғашқы алтыны тарихи оқиға ретінде бағаланды. Белградта өткен әлем чемпионатындағы шешуші жекпе-жекте Ризабек Айтмұхан Әзербайжан елінің өкілі Осман Нұрмағомедовтан жеңісті жұлып әкеткен еді.
Қатардағы жауынгер Р. Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының тумасы. Ол биылғы жазда құқықтық тәртіп әскерлері қатарына мерзімді қызметке шақырылған.
Источник: qazaq.asia