269 rob
Фотосурет: ҚР ДСМ
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Қостанай облысына жұмыс сапары шеңберінде батыс өңір халқына клиникалық-диагностикалық және емдік көмек көрсету үшін республикалық ҒЗИ, ғылыми орталықтар мен медициналық жоғары оқу орындарының жетекші бейінді мамандарының жоғары білікті мамандары бригадасының шығуы ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Өңірдің медициналық ұйымдарына сапар барысында республикалық бейінді мамандар стационарлық емдеудегі 150 – ден астам пациентке, оның ішінде реанимация бөлімшесінде — 27 пациентке, сондай-ақ амбулаториялық деңгейде 18 пациентке консультация берді.
Стационарлар жағдайында 10 консилиум өткізілді, оның ішінде тірек-қимыл аппаратының ауыр патологиясы бар пациентке жедел араласу және онкопатологиясы бар пациентке емдік манипуляциялар көрсетілді.
Жетекші мамандар өңірдің медицина қызметкерлері үшін негізгі бейіндер бойынша 7 оқыту семинарын ұйымдастырды (жақ-бет аймағының ісіктерін хирургиялық емдеу, ботулинотерапияға бұлшықеттерді іріктеу, сепсис және ТЭЛА, жедел тыныс жетіспеушілігі кезіндегі миастениялық дағдарыс, жүктілік кезіндегі ауыр жағдайлар, омыртқа-мотор сегментінің қабыну аурулары бар пациенттерді диагностикалау, емдеу және басқару әдістері және т. б.).
Сонымен қатар, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының (Астана қ.) мамандары Қостанай облысы өкілдерінің, оның ішінде өңірдің бас штаттан тыс кардиологының және кардиологиялық бейіндегі басқа да мамандардың қатысуымен ҚР ДСМ-ның қанайналым жүйесі аурулары бойынша бекітілген Жол картасын іске асыру мәселелерін талқылау бойынша онлайн-форматта жұмыс кездесуін өткізді. Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс ревматологы өңірлік денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен және медициналық ұйымдардың басшыларымен бірлесіп өңірде ревматологиялық қызметті одан әрі дамыту және ҚР-да ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын іске асыру бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңестің қорытындысы бойынша өңірлік денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылы Қостанай қаласында өңір халқына мамандандырылған көмек көрсету үшін 2-деңгейдегі өңірлік ревматологиялық орталықты ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады.
Дәрігерлердің көшпелі бригадасында ревматология (ересектер), анестезиология реаниматология, терапия, травматология және ортопедия, балаларды оңалту, акушерлік және гинекология, педиатрия, неонатология, онкогематология (балалар), неврология (балалар), ЛОР-онкология, онкоурология, нейрохирургия (ересектер), онкохирургия бейіндері бойынша жетекші республикалық мамандар болды.
Источник: qazaq.asia