351 rob
Фотосурет: pixabay.com
Астана қаласында Ынтымақ елді мекеніне қатынайтын қосымша автобус бағдары іске қосылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты City Transportation Systems-ке сілтеме жасап хабарлайды.
11 ақпаннан бастап қала маңына қатынайтын жаңа № 328 бағдары іске қосылады. Ол Ынтымақ ауылына да жүретін болады.
Жаңа бағдар Тілендиев даңғылындағы «Шұғыла» аялдамасынан «Ынтымақ» ауылына дейін қатынайды.
Бұл бағдарға «Iveco Daily» автобусы (1 бірлік) қызмет көрсетеді. Журу кестесі Instagram желісіндегі CTS парақшасында жарияланады.
Источник: qazaq.asia