290 rob
Астанада жастар мен жасөспірімдер арасында велоспорттан Мэдисон жарысы бойынша Қазақстан Ашық чемпионаты басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Аталған бәсекеде скретч жарысынан да Қазақстан Республикасының кубогы сарапқа салынады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Айтулы бәсекеде 60-қа жуық спортшы қатысуда. Олардың 17-і Астана қаласының велошабандоздары. 16 ақпанға дейін жалғасатын чемпионат «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.
Еске сала кетейік, 10-12 ақпан күндері елордада элиталық санаттағы спортшылар спринт омниумынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Бұл сында 40-тан астам велошабандоздар қатысты.
Источник: qazaq.asia