288 Awrora
Астанада өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшыларымен, Ұлттық ұлан Академиясының бастығымен, құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлерімен және олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарларымен, өңірлік қолбасшылықтар мен тікелей бағынысты бөлімдердің, Әскери полиция бөлімдерінің бастықтарымен оқу-әдістемелік жиындар өтуде, деп хабарлайды DKNews.kz.
Екі күн ішінде басшылық құрам офицерлерінен атыс, дене шынықтыру, әскери-инженерлік даярлық, РХБЗ, техникалық және әскери-медициналық даярлық бойынша практикалық дағдыларын тексерді, сонымен қатар қару-жарақ пен әскери техниканың, арнайы құралдардың, байланыстың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен қоса кәсіби-лауазымдық даярлықтың негізгі пәндері бойынша сынақтар қабылданды.
Сабақтың негізгі бөлігі дала жағдайында өтті. Алғашқы күні ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Майлан» далалық оқу орталығында, екінші күні ҚР Ұлттық ұланының «Қаптағай» біріккен оқу орталығында сынақтар қабылданды. Сонымен, МКҚ полигонында қолбасшылар, командирлер және олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары үшін «арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әрекеті, парашютсіз түсіру және көрсетілген шекараны басып алу бойынша» көрсетілімдік сабақ ұсынылды.
Жауынгерлік даярлық Бас басқармасының бастығы полковник Нұрлан Мұхамедов жиынның жетекшісі ретінде жиынның өткізілуін былай деп атап өтті: — «2022 жылдың жазында Алматы облысының Жетіген кентінде оқу-әдістемелік жиындар өткізілді, қазір біз Астана маңындағы екі түрлі полигонда өткізіп жатырмыз. Жедел дайындық барысында офицерлермен практикалық сабақтар өткізуге басты назар аударылады. Командирлер мен олардың орынбасарлары Ұлттық ұланның қарулануында тұрған әртүрлі позициялар мен қару-жарақ түрлерін: тапаншаларды, автоматтарды, тегіс ұңғылы мылтықтарды, гранатаатқыштарды және қыс мезгілінде ірі калибрлі пулеметтерді ату бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ жауынгерлік гранаталарды лақтыруда және броньды машиналардан атыс жүргізуде. Өткізіліп отырған оқу-әдістемелік жиынның мақсаты — командирлердің жеке құраммен осындай сабақтар өткізуі үшін білімдері мен дағдыларын бекіту».
Жиын барысында офицерлермен құқықтық тәртіп әскерлерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін қамтамасыз етудің негізгі түрлері бойынша оқу-әдістемелік, нұсқаулық және көрнекі сабақтар өткізілді.
Айта кетейік, жедел даярлық шеңберінде офицерлерге «Ұлттық ұланның жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық жұмысты ұйымдастырудың жаңа ережелері» таныстырылды.
Өткізілген жиындар күнделікті қызметті ұйымдастыру, жауынгерлік даярлық, техника мен қару-жарақты пайдалану мәселелерінде әскерлердің командалық құрамының біліктілігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Источник: qazaq.asia