605 Awrora
28 қаңтарда сағат 18:40 шамасында әскери жасаққа қатардағы жауынгер Марат Сапарбаев пен құрамында патрульдік Ертілеу Тайтілеуов және патрульдік тағылымдамадан өтушілер Халбай Халбай мен Дүйсен Исламбекке Т. есімді азаматша қызының жоғалып кеткені жөнінде ақпарат айтып, оны табу туралы өтініш білдірді. Әскери жасақ елордалық «Алматы» ауданында, «Отау» ТК маңында қызмет атқарды.
Анасының айтуынша, 5 жасар қыз шағын базарда жоғалып кеткен, оны ата-анасы елемей қалады, содан кейін оны жарты сағат ішінде өздері іздеп, таба алмайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қызын таба алмай, үрейленген ата-анасы Ұлттық ұлан патрульшілерін көріп, жауынгерлердің көмегіне жүгінеді. Сол сәтте қатардағы жауынгер М. Сапарбаев дереу патрульдік топтың бастығы сержант Арроббой Содиковке ақпарат берді. Одан әрі сержант әскери жасақ бастығы кезекші капитан Азамат Тушкеновке хабар беріп, жақын бағдардағы маршруттар бойынша іздеу жұмыстарына кірісіп кетеді.
15 минуттан кейін ұландықтардың бірлескен күш-жігерімен жоғалған қыз табылып, ата-анасына табысталады. Тоңып қалған кішкентай қыз бірнеше көпқабатты үйлерге кетіп қалған. Анасы Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне, олардың командирлері мен ата-аналарына үлкен алғысын білдірді.
Источник: qazaq.asia