173 Арман
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері елордада 2023 жылдың 11 айы бойынша жүргізілген көшпелі рейдтер барысында 78 247 350 теңгенің немесе 105 149 бөтелкенің заңсыз алкогольдік өнімдерінің айналымын анықтады. Бұл туралы Астана қаласы бойынша МКД хабарлады.
Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 3 708 932 теңге көлемінде айыппұл салынды. Тексеру материалдары сотқа жолданып, сот шешімімен акцизделетін тауарлар тәркіленді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Астана қаласы бойынша МКД салық төлеушілерді этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкес лицензиясы және рұқсаты бар құжаттармен айналысуға шақырады және алкоголь өнімін лицензиясыз сату фактілері анықталған жағдайда мына телефондарға хабарласыңыз: 8 (7172 )77-32-08, 8(7172) 77-32-37, 8(7172) 77-32-35.
Салықтар туралы толығырақ ақпаратты 1414/3 телефоны арқылы немесе Instagram парақшасында.
Источник: qazaq.asia