Экс-әкімді ұстау: Атырауда заңсыз жер бөлу жанжалы

Экс-әкімді ұстау: Атырауда заңсыз жер бөлу жанжалы

214 Awrora

Фотосурет: freepik

Атырау облысының прокуратурасы алаяқтық белгілері бойынша Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және т.б.) жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды.

09.11.2023ж. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша тергеу шеңберінде Атырау қаласының экс-әкімі     К.К. Оразбаев ұсталды (Атырау қ. ПБ УҰИ-не қамауға алынды).

ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Тергеу жалғасуда.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика