Екі сағат жұмыс істемеді: ҰАТ мемлекеттік орган сайттарындағы ақау себебін атады Кеше, 17:07

Екі сағат жұмыс істемеді: ҰАТ мемлекеттік орган сайттарындағы ақау себебін атады
Кеше, 17:07

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) министрліктер мен басқа да мемлекеттік орган сайттарының жұмыс істемеу себебін атады, — деп хабарлайды

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото:depositphotos.com

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) министрліктер мен басқа да мемлекеттік орган сайттарының жұмыс істемеу себебін атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰАТ баспасөз қызметі мәліметінше, компания «өнімділігі мен функционалын жақсарту үшін» барлық мемлекеттік ұйым веб-сайттары негізінде жұмыс істейтін gov.kz платформасын үнемі жаңартып отырады.

«Алайда, бүгін соңғы жаңартуға байланысты кейбір мәселелерге тап болдық. Нәтижесінде gov.kz жұмысында қиындықтар туындады. Платформа жұмысын дереу қалпына келтіру үшін шұғыл шаралар қабылданып, жаңартулар тоқтатылды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық мәселе шешіліп, gov.kz домені бар сайттар қайтадан толықтай жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика