326 rob
Фотосурет: АР
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын балаларға арналған азық-түлік себетінің орнына ақша беру туралы шешім қабылдады. Монетизация АӘК алушылар қатарындағы әрбір балаға ай сайынғы негізде 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша ақшалай төлем белгілеу арқылы жүзеге асырылды, ол биыл 5 175 теңгені құрайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ОКҚ алаңында ведомствоның алқа отырысының қорытындыларына арналған брифинг барысында бұл шешімді түсіндіріп өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл шешім кепілді әлеуметтік пакет алушылардан мемлекеттік әлеуметтік көмекті ақша форматына ауыстыру туралы ұсыныстар келіп түскендіктен қабылданды. Бұл ретте министр 5 175 теңге балалар алатын атаулы әлеуметтік көмекке қосымша қаражат екенін атап өтті.
«Біз АӘК мөлшерін ұлғайттық. Өткен жылы АӘК төлеу үшін республикалық бюджеттен 59 млрд теңге бөлінсе, биыл 72 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен тағы 20%. Егер бұрын 6 мың теңге деңгейінде берілсе, енді 9 мың теңге шамасында болады. Оған қоса тағы 5 175 теңге. Яғни, балаға берілетін азық-түлік себеті 15-16 мың теңге деңгейінде болады. Бұл бала алатын жиынтық сома» Тамара Дүйсенова
Источник: qazaq.asia