Еділ Мамытбеков 2023 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген заңдар туралы астаналықтарға айтып берді

Еділ Мамытбеков 2023 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген заңдар туралы астаналықтарға айтып берді

432 Awrora

Фотосурет: Depositphotos

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаты Еділ Мамытбеков Қазақстан халқы Ассамблеясының елордалық кеңсесінде, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде және көлік және коммуникация жоғары колледжінде болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенатор кездесулерде заңнамадағы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістер туралы айтты. Ол сондай-ақ Палатаның өткен жылғы заң шығару жұмысының нәтижелерімен және депутаттық қызметтің негізгі бағыттарымен елорда тұрғындарын таныстырды.

Сенатор еліміздің заңнамасын одан әрі жетілдіру жөнінде кездесулерге қатысушылардан келіп түскен ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал түрінде жіберуге ниеттеніп отырғаны туралы айтты.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика