344 Awrora
Фотосурет: Depositphotos
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Қазақстандық қоғамдық даму институтының отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Жұлдыз Батталова мәлімдеді. Оның айтуынша, «Қазақстандық отбасылар-2022» Ұлттық баяндамасын дайындау қазақстандық отбасылардағы негізгі құндылықтарды қамтыды, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Рейтингте бірінші орында – еңбекқорлық, өзін-өзі құрметтеу, адалдық, үлкендерге және айналасындағыларға деген құрмет құндылықтары. Сондай-ақ біз отбасылық дәстүрлер туралы сұрадық. Респонденттердің көбі отбасында жиі аталып өтілетін отбасылық мерекелер, жақындарының туған күндерін тойлау деп жауап береді» Жұлдыз Батталова
Сонымен қатар респонденттердің 90%-ы ата-әжелерді бала тәрбиесіне тартуға оң көзқарас танытты, бұл отбасының аға буын өкілдері балаларда құндылықтардың, дәстүрлердің, үлкендерге деген құрмет сезімінің қалыптасуына оң әсер ететінін көрсетеді.
Источник: qazaq.asia