290 Awrora
Бүгін «Өскемен-Таулы Үлбі — Северное» автожолында қарды мәжбүрлеп түсіру жүргізілді, жарылыс жұмыстарының нәтижесінде 36850 текше метр қар түсірілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Өңірдегі профилактикалық көшкін түсіру бойынша жұмыстар бірнеше күнге жалғасуда, облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі жоғары екендігі туралы дауылды ескерту жарияланған. Қар түскеннен кейін учаскені тазарту үшін жол қызметтерінің жұмысы ұйымдастырылды.
«Қаңтар айы қатты жауын-шашынмен, желмен ерекшеленеді. Қазселденқорғау ШҚ филиалы мамандарының бақылауы бойынша жауын – шашынның тоқтаусыз түсуі аясында қар таулардың беткейлерінде қардың шекті массасы жиналған және өздігінен қозғалуды тудыруы мүмкін, сондықтан мұндай алдын алу шаралары шұғыл қажет» «Қазселденқорғау»ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев
Қазір «Қазселденқорғау» мамандарының бақылауында қар көшкіні қаупі бар ошақтар қалып отыр. Оларды бақылау сәуір айының соңына дейін жүзеге асырылады.
ШҚО ТЖД халықтан және туристерден смс-хабарландыру құралдары бойынша ақпарат түскен кезде қырағылық танытуды және қауіпті учаскелерге бармауды сұрайды.
Қар көшкіні қардың түсуіне, шаңғышылардың қар беткейін кесуіне, қатты айқайлауға, атуға , беткейлерден шанамен сырғанауынан болуы мүмкін.
Сонымен қатар қар көшкіні «табиғи себептерге» байланысты өздігінен кетуі мүмкін, егер қар қабатының астына су немесе қар қабаты түссе, қардың түсуі нәтижесінде оның салмағы (ауырлық күші) қар қабатының үйкеліс күшінен асып кеткен кезде туындайды.
Источник: qazaq.asia