ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар байқауына өтінімдер қабылдау жаңа ережелерге сәйкес жүргізіледі

ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар байқауына өтінімдер қабылдау жаңа ережелерге сәйкес жүргізіледі

311 Awrora

2023 жылы ҮЕҰ-дан өтінімдер мемлекеттік гранттар берудің жаңа ережелеріне сәйкес қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Ғалым Құрман хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оның айтуынша, жаңа механизм шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың өздері мәселені шешу жолдарын ұсынатын «төменнен жоғарыға» тәсілі енгізілуде.

«ҮЕҰ-мен, жұртшылықпен консультациялар және халықаралық тәжірибені талдау негізінде градуирленген гранттар жүйесі енгізілді. Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар енгізілді. Гранттың түріне қарай қаржыландыру көлеміне, іске асыру мерзімдеріне, ҮЕҰ үшін конкурсқа қатысу шарттарына, есептілікке қойылатын әртүрлі талаптарға сәйкес айқындалады. Қысқа мерзімді гранттарды іске асыру мерзімі үш айдан 12 айға дейін, орта мерзімді гранттарды – бір жылдан екі жылға дейін құрайды. Ал ұзақ мерзімді гранттар 2 жылдан 3 жылға дейін жүзеге асырылады» Ғалым Құрман

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика