254 rob
Фотосурет: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінде дзюдодан кіші жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бозкілемде 2013-2016 жылы дүниеге келген жас өрендер кездесіп, өзара кім мықтыны анықтады.
27943 әскери бөлімі ұйымдастырған сайысқа әскери қызметшілердің балалары қатысты. Шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Бұқаралық спорт түрлерін дамыту, дзюдо күресімен айналысып жүрген өрендердің шеберлігін шыңдау.
«27943 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің балалары арасында дзюдодан ашық біріншілік өткізіп жатырмыз. Турнирдің мақсаты жас балуандардың дайындығын пысықтау және тәжірибелерін жетілдіру. Әскери қызметтің әлеуетін арттыру. Әскери қызметшілердің отбасылары арасында байланысты нығайту. Жеңіске жаткен жасөспірімдер арнайы дипломмен марапатталады», деді Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің гарнизондық спорт кешенінің бастығы Талғат Амренов.
Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған байрақты бәсекеге 70 жуық қатысушы жиналды. Дзюдо – аса ептілікті талап ететін, ерекше күрес түрі. Дүбірлі бәсекеде әр салмақ дәрежесінде белдескен жас спортшылар өз ара кім мықтыны анықтады. Олар жоғары әзірлікпен, жүлде үшін бекініп келгендіктерін бірден байқатты.
«Мен бүгінгі сайысқа жақсы дайындықпен келдім. Жеңіске жету үшін барымды салдым. Қарсыластарым мықты. Әр кездесу оңайға соқпады. Дегенмен, қажырлы еңбектің арқасында 2015-2016 жылы дүниеге келгендер арасында 32 келі салмақта жеңімпаз атандым.» — деді жас спортшы Алдияр Социал.
Өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеретін дзюдо күресі облыста қарқынды дамып келеді. Әрі мұндай шара бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.Біріншілік жүлдегерлері арнайы дипломмен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Источник: qazaq.asia