Алматы әкімі Ерболат Досаев Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі ұзарту жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Алматы әкімі Ерболат Досаев Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі ұзарту жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде Абай даңғылының қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін аяқтағылары келетінін айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша, ақпанда Жұбанов көшесін Момышұлынан қала шекарасына дейін ұзарту жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарланып отыр.
«Ауданның жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті болып отыр. 2022 жылы Ақжар шағын ауданында 10 шақырым жол және Ақжар, Қарағайлы және Шұғыладағы 12 көшеде сегіз шақырым жаяу жүргіншілер тротуарлары салынды, сондай-ақ 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы Ақжар және Шұғыла шағын аудандарындағы 20 көше бойынша 16,4 шақырым жол салынады, сондай — ақ 21 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі», — деді Досаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia