Джиу-джитсудан халықаралық турнир: әскери қызметкер әлем чемпионы атанды

Джиу-джитсудан халықаралық турнир: әскери қызметкер әлем чемпионы атанды

204 rob

Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

2-10 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш турнирге Абай гарнизоны 28738 әскери бөлімінің, әскери қызметшісі кіші сержант Мерхат Тұяқов қатысып, әлем чемпионы атанды.

85 келі салмақ дәрежесінже күш сынасқан Мерхат көк белбеулер арасында,  бірінші орынды иемденіп, қоржынымызға алтын салды. 

Әлем чемпионатында Мерхат Тұяқов қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, әлемдегі ең үздік джитсер екенін көрсетті. Жерлесіміз жеті белдесу өткізіп, барлығын айқын басымдылықпен ұтты. Атап айтқанда, Ресей, Бразилия, Уругвай, БАӘ, Иран, Оңтүстік Корея сынды елдердің спортшыларын қапы қалдырды. Осы елдердің төрт палуанын мерзімінен бұрын жеңсе, қалған үш спортшыны ұпай санымен ұтқан. Ал алтын жүлде үшін белдесуде Ресей Федерациясы спортшысының мысын басып, әлем чемпионы атанды.

Мерхат Тұяқов джиу-джитсу күресімен айналысып жүргеніне бес жыл болған. Дегенмен осындай әлемдік додада алғаш рет өнер көрсетіп отыр. Ал бұған дейін ол  еркін күрес, қоян-қолтық ұрыс сынды спортымен айналысқан. Жерлесіміздің әмбебап спортшы екенін осыдан ақ қарап көруге болады.  Әскери салада жүрсе де, спортпен айналысуға уақыт тауып, еліміздің атын шығарып жүрген осындай жігіттердің талабына нұр жаусын деп тілейміз.

Айта кетейік, джиу-джитсу, шығыс халықтарының жекпе-жек спорт  түрлерінің негізін қалаған жапондықтардың дәстүрлі, ұлттық күресі. Джиу-джитсудың ерекшелігі шабуыл жасаған қарсыласына қара күш қолданбай, шабуылшының бағытын өзгертуге, тепе-теңдік қалпынан айыруға содан кейін барып әдіс қолдануға немесе соғуға болатындығында. Соңғы жылдары осы спорт түрімен айналсып жүрген әскерилердің саны артуда.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика