140 rob
Фотосурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Алматы қаласында дәстүрлі V республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Байқауға еліміздің әр өңірінен 24 оқушы қатысты.
Мақсаты — оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөз өнерінің тарихи-мәдени болмысын тану, сөз құндылығын бағалау, ұлттық тәрбие беру.
Байқау қорытындысы бойынша 8 оқушы жүлделі орындармен және 4 оқушы арнайы жүлделермен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздарға жүлде қоры 700 мың теңгеден астам ақшалай сыйақы табысталды.
Источник: qazaq.asia