Әділет министрлігінің 2023 жылғы жұмыс қорытындысы: қол жеткізілген нәтижелер және болашаққа жоспарлар

Әділет министрлігінің 2023 жылғы жұмыс қорытындысы: қол жеткізілген нәтижелер және болашаққа жоспарлар

178 rob

Фотосурет: Әділет министрлігі

Бүгін Әділет министрлігінде Азамат Есқараевтың төрағалығымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиынға ҚР Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, Президент Әкімшілігі, Үкімет Аппаратының өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары және құқықтық қауымдастық өкілдері қатысты.

Іс-шарада Әділет министрлігінің 2023 жылы атқарылған жұмыстарының  қорытынды есебі тыңдалып, алдағы 2024 жылға Әділет минстрлігінің құзыреті шеңберінде стратегиялық міндеттер қойылды. Алқа отырысында Әділет вице-министрлері нормашығармашылық, құқықтық насихат, зияткерлік меншік құқығын қорғау, атқарушылық іс жүргізу, сот сараптамасы және цифрландыру бағыттары бойынша баяндама жасады. 

Азамат Есқараев министрлік алдындағы стратегиялық мақсаттарға тоқтала отырып, «Мемлекет басшысы жолдауында айтылған әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік қағидаттарын ұстана отырып, ел азаматтарының құқықтарын қорғау үшін сапалы заң шығаруға басымдық беруіміз қажет», деді министр. 

«Ең бірінші кезекте қабылданатын заңдар мен нормативтік құқықтық актілер сапалы болуы керек. Қабылданған заңдарға қайтадан түзетулер енгізіп, министрліктің жұмысына қосымша салмақ салмауымыз керек» Азамат Есқараев

Жиынды қорытындылай келе Азамат Есқараев министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен өңірлік департаменттеріне жаңа міндеттер қойды. Ең бірінші кезекте халықпен кері байланыс орната отырып, азаматтардың құқығын қорғауға бар ынта-жігерді салуға шақырды.  

«Әріптестер, мен сіздерден барлық ынта-жігермен жұмыс жасауды талап етемін. Сіздерге жүгінетін азаматтар өз проблемаларының шешімін табуы тиіс. Халықпен өзара қарым-қатынас орнатуда формализмге жол беруге болмайды. Келер жылға стратегиялық міндеттер қойдым, сіздер оларды адал орындауларыңыз қажет!» Азамат Есқараев

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика