650 rob
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесті. Сенаторлар қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарына Палатаның 2022 жылғы жұмысының қорытындылары мен қабылданған заңдардың маңызы туралы айтып берді, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Парламент 86 заң қабылдады. Депутаттароның 13-не бастамашы болды. Қабылданған заңдар еліміздің саяси және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз етуді көздейді» Әли Бектаев
Сенаторлар Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылына да барып, онда зиялы қауым өкілдерімен, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілерімен, қоғам белсенділерімен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесулер барысында қажетті әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, ветеринария саласына жас мамандарды тарту, жанар-жағармай тапшылығын жою және ауыл шаруашылығындағы маңызды мәселелер талқыланды.
Депутаттар Түркістан облысы тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің назарына ұсынылатынын айтты.
Источник: qazaq.asia