249 rob
Сенаторлар Нұртөре Жүсіп, Бақытжан Жұмағұлов, Сұлтанбек Ләззат Қалтаева Мәкежанов және Динар Нөкетаева Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Депутаттар кездесу барысында индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар аумақтарында жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Онда сондай-ақ проблемалық мәселелер мен келешегі зор даму бағыттары да талқыланды. Кездесуде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар еліміздің қарқынды дамуының маңызды факторы болып табылатыны ерекше атап өтілді. Мысалы, аталған аймақтарда орналасқан кәсіпорындарда 6 727 адам жұмыспен қамтылып, 493,7 млрд теңгеге өнім өндірілді және үздіксіз қызмет көрсетіліп келеді.
«ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті желтоқсан айында дөңгелек үстел өткізген болатын. Онда арнайы арнайы экономикалық аймақ қызметінің проблемалық мәселелері және мемлекеттік органдар мен АЭА басқарушы компанияларының, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары қаралды. Барлық проблемалық мәселелер АЭА-ның экономикалық тиімділігі және ұсынылған салық жеңілдіктері бойынша көшпелі отырыстар кезінде пысықталды. Өткен дөңгелек үстелдің нәтижелері мен қатысушылар ұсынған материалдарды талдау бойынша Қаржы және бюджет комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметіне бірқатар ұсыныстар жіберді. Олар іске асқанда бүкіл еліміз бойынша АЭА жұмысын жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз» Сұлтанбек Мәкежанов
Депутаттар сапар барысында қаңтар оқиғаларының құрбандарын еске алып, «Тағзым» мемориалына гүл шоқтарын қойды.
Источник: qazaq.asia