Депутат Қазақстанның мемлекеттік қарызына алаңдады Кеше, 14:18

Депутат Қазақстанның мемлекеттік қарызына алаңдады
Кеше, 14:18

Мәжілісте Бюджет кодексін талқылау аясында Қазақстанның мемлекеттік қарызы мәселесі көтерілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәжілісте Бюджет кодексін талқылау аясында Қазақстанның мемлекеттік қарызы мәселесі көтерілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Ерлан Саировтың айтуынша, Бюджет кодексінде мемлекеттік қарызды реттеу тетіктері қарастырылуы тиіс.

«Квазимемлекеттік сектормен қосқанда мемлекеттік қарыз 105 миллиард долларға жетті, бұл бүкіл бюджеттің 40 пайызы. Мемлекеттік қарыз 40 пайызға жететін болса, онда елде қаржылық мәселелер басталады. Бұрын кейбір елдер, Аргентина, Греция дәл осындай проблемадан егемендігінен айырылып қалды», — деді Саиров Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутат үкімет мемлекеттік қарызды бақылаудың бірқатар тетігін қарастырғанын, бірақ неге екені белгісіз, депутаттардың барлық ұсынысы қаралмағанын айтты.

«Бұл ең алдымен елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатысты. Өздеріңіз білесіздер, мұндай қарыз проблемалары салдарынан кейбір мемлекеттер егемендігінен айырылған, бұл өте маңызды мәселе», — деді мәжілісмен.

Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл сұраққа мемлекеттік қарыздың көптігі тек депутаттарды ғана алаңдатпайтынын айтты.

«Бұл мәселе тек депутаттарды ғана емес, бізді де алаңдатады, өйткені мемлекеттік қарыздың өсуі жақсы емес. Соған қарамастан, бүгінде барлық ковенант жоғары деңгейде. Біз мемлекеттік қарызды көбейтпеу шараларын қабылдап жатырмыз», — деді Жамаубаев.

Бюджет кодексінің жобасы қаралып, бірінші оқылымда қабылданды. Алайда депутаттар тарапынан сын көп болды, екінші оқылымда Үкіметке қажетті өзгерістерді енгізу ұсынылды.

«Жалпы мемлекеттік қарыз мәселесі мемлекеттің ерекше бақылауында. Бюджет кодексі, талдау барысында айтқанымдай, ЕО халықаралық ұйымдарының сарапшылары… зерттеуі өте тиімді, сонымен қатар нақты құжат болуы керек. (…) Механизм ретінде, мүмкін, тапшылықты көрсете аламыз, бірақ осы тапшылықтарды өтеуге бағытталған қарыздар, оны қандай баптарда көрсетеміз — жоғары аудиторлық палатамен бірлесіп, депутаттық корпуспен бірлесіп жұмыс істейміз. Екінші оқылымға дейін шешім қабылдаймыз», — деп уәде берді вице-премьер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика