Дархан Қыдырәлі «Дружные ребята» ұжымын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Дархан Қыдырәлі «Дружные ребята» ұжымын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

348 Awrora

Алматыға жұмыс сапарымен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Дружные ребята» ұжымын 90 жылдық мерейтоймен құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«90 жыл бойы балапандарымызды қуантып, танымдық-тағылымдық ақпараттарымен сусындатып жүрген «Дружные ребята» басылымын мерейтойымен құттықтаймын. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында атқарып жүрген қызметтеріңіздің жемісін көре беріңіздер! Газет осы уақыт аралығында көптеген тарихи оқиғаның куәсі болды және оларға балалар көзімен қарай білді. Редакция бүгінге  дейін өзінің басты миссиясы – өскелең ұрпақты шығармашылыққа, өз еліне деген сүйіспеншілікке және аға буынға деген құрметке тәрбиелеу ісін толық атқарып келеді. Балалар баспа басылымдарының дамуына қосқан үлесі үшін «Дружные ребята» газетіне алғысымды білдіремін!» Дархан Қыдырәлі

Жиын соңында Д.Қыдырәлі басылымдағы бірқатар қызметкерді  салалық марапаттармен марапаттады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика