194 rob
Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі
Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 13,1%-ға өсті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді.
«2023 жыл — Алматы қаласын дамытудың жаңа бағдарламасын іске асырудың бірінші жылы болды. Биыл 10 айда Алматы экономикасының серпінді өсуі қамтамасыз етілді. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 13,1%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау экономиканың өсу драйверлеріне айналды», — деді Ерболат Досаев.
Биыл 11 айда жылдық инфляция 10,5%-ға дейін баяулады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасының өсуі осы жылдың басындағы болжанған 5% өсуімен салыстырғанда 6,5% дейін жеделдейді деп болжанып отыр.
Источник: qazaq.asia