Дәрігер Шумковты атып өлтірген ер адам 20 жылға қамалуы мүмкін

Дәрігер Шумковты атып өлтірген ер адам 20 жылға қамалуы мүмкін

Фото: ғаламтордан

Алматыда 10 қаңтар күні гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс бойынша өткен сот отырысында прокурор айыпталушыны қатаң режимдегі мекемеде 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы сотталушыны марқұмның отбасына материалдық және моральдық шығынды өтеуге міндеттеу қажет деп есептейді.
Өз кезегінде сотталушы кісі өлтіргенін мойындады.

Бұған дейін Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкері мен такси жүргізушісінен жауап алынған болатын.

Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков 2022 жылы 4 сәуірде Алматыдағы көлік тұрағында кісі қолынан қаза тапты. Кейін полиция қылмыскердің дәрігерге бірнеше рет барған клиенті екенін анықтаған. Дәрігерді өлтіргенге дейін айыпталушымен кездесу туралы Юрий Шумковтың әріптесі де айтты.

22 қарашада Шумковтың жесірі сотта сөз сөйледі. Ол өтемақы ретінде 105 миллион теңге талап етті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика