ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен CNPC компаниясының президенті Хоу Цицзюнь (ҚХР) Қазақстан мен Қытай арасындағы бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар аясында мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Кездесу бейнеконференция форматында өтті. Р. Скляр еліміздің ҚХР-мен, атап айтқанда, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен стратегиялық әріптестігінің маңызын атап өтті. CNPC – әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі, сондай-ақ Қазақстанның бұрыннан келе жатқан стратегиялық және инвестициялық серіктесі.
Хоу Цицзюнь өз кезегінде CNPC Қазақстанмен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін атап өтті. Екі мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды уағдаластықтарды басшылыққа ала отырып, компания энергетика саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ауқымын кеңейтуге және Қытай-Қазақстан кешенді стратегиялық әріптестігінің терең дамуына үлес қосуға ұмтылады.
ҚР Үкіметі биылғы мамыр айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары кезінде Энергетика министрлігі мен CNPC арасында жасалған Энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту туралы негіздемелік келісім асындағы нақты жобалар бойынша тығыз жұмыс істеп жатыр.
Шымкент МӨЗ-інің өндірістік қуатын кеңейту, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісін салу, бірлескен геологиялық барлау және т.б. мәселелер пысықталып жатыр. Тараптар көптеген бағыт бойынша оң нәтиже бар екенін атап өтті. Үкімет тарапынан осы жобаларды тиімді түрде іске асыру үшін барлық қажетті шара қабылданатын болады.
Сондай-ақ ынтымақтастықты нығайту аясында Роман Скляр мен CNPC басшысы Хоу Цицзюнь осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізіп отыруға келісті.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Источник: qazaq.asia