233 rob
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2022 жылы атқарылған жұмыс нәтижесі мен 2023 жылға арналған міндеттер бойынша Еңбекминінің кеңейтілген алқа отырысында цифрлық технологиялар есебінен мемлекет көрсететін әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігі қалай арттырылатынын айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Тамара Дүйсенова өз сөзінде Министрліктің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары әлеуметтік-еңбек саласында мемлекет қабылдайтын шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған 5 стратегиялық бағытты көздейтінін айтты.
«Бірінші стратегиялық бағыт – цифрландыруды тереңдету. Ол әлеуметтік қызметтерді көрсетудің өтініш нысанынан оларды ұсынудың анықтау және проактивті форматына көшуді қамтамасыз етуге тиіс. 2023 жылы бағытты іске асырудың түпкілікті нәтижесі проактивті қызметтердің үлесін олардың жалпы санының 60%-на дейін жеткізу болады» Тамара Дүйсенова
Осы міндетті іске асыруды қамтамасыз ететін базалық цифрлық өнім мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді жинақтайтын және қазақстандық отбасылардың мемлекеттік кепілдіктер бойынша дербестендірілген дерекқоры болып табылатын Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) болады.
«БҰҰ ДБ ұсынған Алькире-Фостер моделін пайдалана отырып, отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатын бағалау 6 миллионнан астам отбасының мәртебесін және олардың мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрлеріне қажеттілігін анықтауға мүмкіндік берді. Тиісінше, мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдер кімге, қашан, қандай көмек көрсету керектігін нақты анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндігі бар» Тамара Дүйсенова
Министр Отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтерді уақтылы өзектендіру, азаматтарды мемлекеттік қолдау алу құқығы туралы хабардар ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмекті белсенді тағайындау, мемлекеттік қолдау шараларын уақтылы көрсету мониторингі бөлігінде жұмысы үндестірілетінін атап өтті.
Источник: qazaq.asia