182 rob
Фотосурет: primeminister.kz
23 қарашада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген холдингтің 2024-2026 жылдарға арналған Цифрландыру стратегиясын қарастырды.
Ол ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға, бизнес-процестерді оңтайландыруға және заманауи цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған.
Бұдан бөлек, холдинг қызметінің негізгі бағыттарын жаңартуды көздейтін 2024-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарды әзірлеу барысында ҚР-ның 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамының макроэкономикалық көрсеткіштері ескерілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов бекітілген жоспарлар мен стратегияларды іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды, сондай-ақ холдингтің тұрақты дамуын қамтамасыз ету контекстінде тәуекелдерді басқару мен цифрландырудың маңызды екенін атап өтті.
Источник: qazaq.asia