208 Арман
Фотосурет: 2ГИС
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Бриз «Яхт-клубы» ҚБ-ға қатысты екі хабарлама енгізді, олар бүгінгі күні толық көлемде орындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұған дейін «Бриз «Яхт-клубы» ҚБ тарапынан монополиялық ережені теріс пайдаланып, монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол бергені анықталды. Атап айтқанда, «Бриз «Яхт-клубы» ҚБ тең мәнді келісімдерге қарамастан, шағын көлемді кемелер тұрағы үшін айлақтарды жалға беру кезінде еш негізсіз әртүрлі бағаларды қолданғаны анықталды.
Сонымен қатар, яхта клубы мемлекеттік орган функцияларын заңсыз атқарып, кеме иелері мен олардың тұтынушылары арасындағы құқықтық қатынастарға араласқан, сондай-ақ кәсіпкерлерге жолаушыларды отырғызу мен түсіруге тыйым салып келген.
Бүгінгі таңда жоғарыда аталған бұзушылықтар жойылды.
Монополияға қарсы орган кәсіпкерлерді адал бәсекелестік жүргізуге және қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзбауға шақырады.
Источник: qazaq.asia