Бос тұрған жерге бірден тұрғын үй салынады — Тоқаев Астана туралы Кеше, 17:02

Бос тұрған жерге бірден тұрғын үй салынады — Тоқаев Астана туралы
Кеше, 17:02

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың қала құрылысы тұжырымдамасын қайта қарау керектігін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың қала құрылысы тұжырымдамасын қайта қарау керектігін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Астана тұрмысқа жайлы шаһар болуы керек. Ең алдымен, қаланы дамыту тұжырымдамасын қайта қараған жөн. Қазір Астанада саябақтар жетіспейді. Тұрғындар серуенге шығатын, демалатын орындар аз.

Бірақ қала әкімдігі мұны ескермей, құрылысқа рұқсат береді. Бос тұрған жерге бірден тұрғын үй салынады. Саябақтарды, жаяу адамға арналған көшелерді көбейту қажет. Қаланы жоспарлаған кезде мұның бәрін алдын ала ойластыру керек», — деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазір Есіл жағалауына дұрыс көңіл бөлінбей отыр. Бұл мәселеде Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазан қаласының тәжірибесін зерттеуге болады

«Бұл қаланың көшелері, саябақтары және жағалау алаңдары өте әдемі және тартымды. Біздің мақсатымыз — Елордамызды жылдың кез келген мезгілінде халқымызға және шетел адамдарына барынша қолайлы ету, Астананың келбетін мейлінше жақсарту», — деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика