Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасы Мелес Сейтжанов жетекшілік еткен жиында бизнесті тексеруге мораторий мәселесі талқыланды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мораторий күшін жояды. Осыған орай құзырлы және қадағалау орган өкілдері тарапынан бизнесті заңсыз тексерулер мен оларға қатысты заңсыз талаптарды болдырмау бағытында жұмыс жоспарлары түзілді.
Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Майя Исаева атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен таныстырды.
«Президент енгізген шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий бизнеске көмегін тигізіп, кәсіпкерлердің пандемия және басқа да әлеуметтік-экономикалық проблемалардан туындайтын шығыны азайды. Үш жылдың ішінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2023 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша 130 898-ге жетті. Мұндай көрсеткіштер кәсіпкерлер мен жергілікті билік өкілдерінің арасындағы тиісті байланыстың нәтижесі деп ойлаймыз», – деді М.Исаева.Жиында бизнес пен мемлекеттің өзара байланысын жақсарту, нақты шешімдер қабылдап, кәсіпкерлердің құқықтық сауатын арттыру, қауіпсіз бизнес-процесс жүргізуді ұйымдастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту мәселелері талқыға түсті.
Сонымен қатар, іс-шарада қалалық прокуратура өкілдері ендігі кезекте мемлекеттік қадағалау бақылау органдары тарапынан бизнес нысандарын кез келген тексеру тағайындауға болмайтынын, соңғы екі жылда жеке кәсіпкерлік нысандарын тексеру жүргізу тәртібін бұзған жағдайлар кездескенін атап өтті.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Источник: qazaq.asia