289 rob
Фотосурет: ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бүгінде Үкімет бизнесті ынталандыру үшін ауқымды қолдау шараларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.
ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында ШОБ-ты қолдаудың қаржылай және қаржылай емес шараларын ұсынады.
Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау шаралары:
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау
Несиелер бойынша ішінара кепілдік беру
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар
ШОБ объектілері мен индустриялық аймақтарға инфрақұрылым жүргізу
2023:
678,4 млрд. теңгеге 9 079 жоба субсидияланды
269 млрд. теңге сомасына 6 952 жоба кепілдендірілді
1,4 млрд. теңгеге 364 грант берілді
Қажетті инфрақұрылымды жүргізу бойынша 23 жобаны іске асыру үшін 15 млрд. теңге бөлінді
Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау шаралары:
Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету
Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету
Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету қызметтері аудандық деңгейдегі кәсіпкерлерге қызмет көрсететін 189 орталықтардың базасында «офлайн» режимде және www.G4B.kz. веб-порталы арқылы «онлайн» режимінде ұсынылады. 2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 37 523 кәсіпкерге 124 662 кеңес берілді.
Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау шеңберінде кәсіпкерлер келесідей қызмет түрлеріне жүгіне алады:
Заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер
Маркетинг
Қаржыландыру және мемлекеттік қолдау
Биылғы жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 18 154 ШОБ (шағын және орта бизнес) субъектісіне 21 292 сервистік қызмет көрсетілді.
Источник: qazaq.asia