286 Awrora
Қаңтар айының басынан бастап қаланың жергілікті әскери басқару органдарында осы жылы 17 жасқа толатын ер-азаматтарды әскери есепке қою басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қалалық қорғаныс істері департаментінің хабарлауынша, еліміздің үшінші мегаполисінде түратын 7500-ге жуық 2006 жылы туылған ұлдар алғашқы әскери есепке алынады.
Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жергілікті әскери басқару органдары олардың әскери қызметке жарамдылық санатын, білім деңгейін және дене даярлығын айқындау үшін жүргізеді. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің өкілдері олармен әңгімелесіп, құжаттарын тексереді.
Болашақ әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайы ерекше бақылауда. Олардың әрқайсысы медициналық тексеруден өтіп, нәтижелері бойынша әскери есепке қойылып, шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлік беріледі.
Қаланың жергілікті әскери басқару органдарында тіркеу науқаны барысында жігіттерге әскерде қызмет етудің артықшылықтары мен перспективалары, әскери бейіндегі оқу орындарына түсу ережелері туралы міндетті түрде хабардар етілетініне назар аударған жөн. Осы жылдың қаңтар айында есепке алу жұмысымен бір мезгілде әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу науқаны басталды.
Естеріңізге сала кетсек, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу елімізде жыл сайын қаңтардан наурызға дейін жүргізіледі.
Источник: qazaq.asia