383 rob
Осы жылы Қызылқоға ауданының Жасқайрат ауылынан тұрғын үй салу үшін жер беріледі, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бүгінде Ойыл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, барлығы 102 жер телімі электр, газ, су желілерімен қамтылуда. Бұл үшін облыстық бюджеттен 153 миллион теңге қаралып отыр. Жер телімдері биылғы жылдың мамыр айына дейін берілетін болады.
Айта кетейік, Қызылқоға ауданында 30 мыңнан астам халық болса, Ойыл ауылдық округінде 2 300 тұрғын бар.
Источник: qazaq.asia