Биыл ҮЕҰ-ға республикалық бюджет қаражатынан бөлінген гранттардың жалпы сомасы 1 млрд 292 мың теңгені құрайды

Биыл ҮЕҰ-ға республикалық бюджет қаражатынан бөлінген гранттардың жалпы сомасы 1 млрд 292 мың теңгені құрайды

305 Awrora

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурсқа өтінімдерді қабылдай бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Ғалым Құрман хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында беріледі.

«Биыл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысына сәйкес 6 сала бойынша 47 грант, оның ішінде 22 – қысқа мерзімді, 16 – орта мерзімді және 9 ұзақ мерзімді жоба іске асырылатын болады, Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау; азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу; азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту; жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау; отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу. Гранттарды барлық бағыттар бойынша іске асыру Орталыққа әлеуметтік қажеттіліктер мен мұқтаждықтардың, сондай-ақ жергілікті бастамашыл топтар мен қоғамдық ұйымдардың мүмкіндіктерінің толық көрінісін байқауға мүмкіндік береді» Ғалым Құрман 

2023 жылға арналған Республикалық бюджет қаражатынан бөлінген гранттардың жалпы сомасы 1 млрд 292 мың теңгені құрайды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика