260 rob
Фотосурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
2023 жылы Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласын жақсарту мақсатында ауқымды жобаларды іске асырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданып, іске асырылды.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЗАЙТУ
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп білім беру саласындағы бюджет қаражатын жоспарлау және игеру мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді
• Сыртқы талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған тетіктерді әзірлеу жөніндегі жоспар іске асырылуда
• Еліміздің 20 өңірінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша көшпелі жиындар өткізілді
• 25 жыл ішінде алғаш рет еліміздің 20 өңірінде білім басқармаларының аудиті өткізілді
Источник: qazaq.asia