Білім беру басты назарда: Білім Министрінің есеп беру кездесуінің нәтижелері

Білім беру басты назарда: Білім Министрінің есеп беру кездесуінің нәтижелері

181 rob

Фотосурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Дәстүр бойынша, есеп беру кездесуінен кейін Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Елорда тұрғындары жұмысқа орналасу, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті, қосымша білім беру, педагог кадрларды даярлау және олардың сапасын арттыру мәселелері туралы айтты.

Ғани Бейсембаев барлық өтініштерге толық түсініктеме берді. Мұқият зерделеуді қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, Ғани Бейсембаев жыл басынан бері барлығы 300-ден астам азаматты жеке қабылдады. Бұндай кездесулер өңірлер мен Астанадағы азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында, сондай-ақ «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауларында да өткізіліп тұрады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика