258 rob
Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Медеу биік таулы мұз айдынында жаппай сырғанау 15 қарашада сағат 10:00-ден бастап қолжетімді, ал маусымның салтанатты ашылу рәсімі сағат 13:30-да өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мұз айдынының ашылу бағдарламасында коньки тебушілердің мұздағы перфоманстары, жүлделер ұтыс ойыны, флэшмоб, әртістердің қойылымдары, сондай-ақ кешеннің ең белсенді қонақтарына арналған сыйлықтар бар.
Қазіргі уақытта нысанда дайындық жұмыстары аяқталды, мұз жасау процесі белсенді жүргізілуде.
Медеу — Алматы қаласының маңына орналасқан, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте әрі еліміздің ең басты мұз айдыны болып табылады.
Сеанстардың кестесімен және олардың бағасымен «Медеу» мұз айдынының https://medeu.kz/.ресми сайтында танысуға болады. Билеттерді «Медеу» мұз айдынының сайтында, кешеннің кассасында, сондай-ақ kaspi.kz және Halyk Bank мобильді қосымшалардан онлайн сатып алуға болады.
Источник: qazaq.asia