Алматының бұрынғы санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мен Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев әріптес атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Бекшин мен Сапарбаев әріптес атанды
Алматының бұрынғы санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мен Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев әріптес атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бекшин мен Сапарбаев QazBioPharm Ұлттық холдингінде жұмыс істейді. Бұл ақпаратты республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің Корпоративтік даму департаменті өкілдері растады.
«Жандарбек Бекшин 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап QazBioPharm Ұлттық холдингі бас директоры орынбасарының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Жарғыға және холдингтің бас директоры туралы ережеге сәйкес ішкі рәсімдерге сәйкес тағайындау туралы шешім қабылданғанға дейін», — делінген ведомствоның редакцияның сұрауына берген жауабында.
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев 2022 жылдың тамыз айында QazBioPharm ұлттық холдингінің тәуелсіз директоры болып тағайындалған.
«Холдингтің директорлар кеңесінің 2022 жылғы 27 тамыздағы шешіміне сәйкес, Бердібек Сапарбаев жасырын дауыс беру арқылы холдингтің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды», — деді ДСМ Корпоративтік даму департаменті өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia