145 Awrora
Фотосурет: Gov
Жаңа жылда Батыс құтқарушылары жаңа техникаға ие болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жарақтандыру және нығайту жүзеге асырылуда.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына салтанатты түрде жаңа техникалардың кілті мен құрал-жабдықтарын табыс етті.
Төтенше жағдайларға шұғыл әрекет ету, сондай-ақ, авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жергілікті бюджеттен 33 бірлік өрт сөндіру, авариялық-құтқару, қосалқы техника және 908 дана құрал-жабдық сатып алды.
Іс-шара барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының Жолдауында Азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандырудың және олардың әлеуметтік мәртебесін арттырудың маңыздылығы атап өтілгенін айтты.
Департамент бастығы Ернұр Өтегенов өз кезегінде сатып алынған техника мен жабдықтар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттырып, оң нәтижелер беретініне сенім білдірді.
Источник: qazaq.asia