Батырлық құтқару рейд: жоғалған адам туған ауылынан алыс жерде табылды

Батырлық құтқару рейд: жоғалған адам туған ауылынан алыс жерде табылды

134 rob

Фотосурет: Қарағанды облысы ТЖД

21 желтоқсанда Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылының тұрғынының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 1993 жылы туған азамат сағат 12:00 шамасында Керегетас қыстауына мал іздеп шығып, қайтып оралмаған. Оқиға орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды ​​облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Жедел жүргізілген құтқару жұмыстарының арқасында ер адамды облыстық құтқарушылар тобы Ақтоғай ауылының оңтүстігінен 25 шақырым жерде Жәдігер тауынан тапты. Медициналық көмек қажет болмады.

Қарағанды облысы ТЖД облыстың барлық тұрғындарына дауылды ескерту кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Аса қажет болмаса, көшеге шықпаңыз немесе елді мекендерден тыс сапарға шықпаңыз. Ауа-райының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалыс шектеулерін, ТЖД ресми сайттарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан қадағалаңыз.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика