Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдыұлы мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берді деген ақпаратқа қатысты
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:gov.kz
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдыұлы мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс кулуарында журналистер Бас прокурордың орынбасарынан әлеуметтік желіде Сатыбалдыұлы мемлекетке қомақты қаржы аударып, биліктің өтеуін беріп құтылды деген қауесетке қатысты пікір беруді сұрады. Алайда Шындалиев бұл болжамға келіспеді.
Бұл ретте ол «кез келген сотталған адам мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқылы» екенін атап өтті.
«Ешқандай «өтеуін беріп құтылу» деген сөз жоқ, бірден айтайын. Бірақ ол өтініш беріп жатыр. Әрбір сотталушының өтініш беру құқығы бар, түсінесіз ғой? Бізде кәмелетке толмаған адамға қатысты жыныстық қылмыс жасағаны, террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарға ғана шектеу бар. Қалған барлық сотталғандар осындай өтініш бере алады», — деді Шындалиев.
Бұл ретте ол мерзімінен бұрын қорытынды жасамауды өтінді.
«Бірден ескертемін, кез келген адамның арыз беруге құқығы бар, бұл арызды сот қарайды, оны бергені бірден босатылатынын білдірмейді. Сот оны шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе босату туралы шешім қабылдауы мүмкін. Сот тәжірибесінде өтініштен бас тарту жиі кездеседі», — деді Әсет Шындалиев.
Еске салайық, 2022 жылдың қыркүйегінде Қайрат Сатыбалдыұлы 28-баптың 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды; 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы; 195-баптың 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia